Қостанайда алғашқы қайрымдылық жәшігі екі апта бұрын Орталық әмбебап дүкеніне қойылған болатын.Бұл қала жастарының идеясы. Қостанайлықтар киім, аяқ-киім, ойыншықтарды Орталық әмбебап дүкеніне әкеліп, арнаулы жәшікке тастай алады. Енді міне жастардың идеясын Қостанайдың дәрігерлері қолдап отыр.
№4 емханада осы дүйсенбіде қайырымдылық жәшігі қойылды. Жәшіктегі киім-кешектер жастар бастамалары орталығына беріліп, волонтерлар оларды балалар үйлері мен мұқтаж отбасыларына таратады. Жастар бастамалары орталығының арқасында орнатылған жәшіктер өз пайдасын әкелуде. Ондаған адам көмекке ие болды.
Тұрғындар көбіне ересектердің киімдерін әкеледі екен. Ал жастар балалардың киім-кешектері қажетірек болғандықтан, балалар киімдерін көбірек әкелгенін қалайды. Тәріздес жәшіктер таяу арада облыстық ауруханада және №3 емханада пайда болады.
Смена министра труда и соцзащиты: подписан указ Президента
Репетиторство в ущерб работе: что хотят для учителей изменить власти Казахстана
Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.
