USD 465.01 EUR 543.55 RUB 6.15

Қостанайда теннис орталығы ашылды

— 15.12.2015 12:22
Заглушка 375 - нет фото

Қостанай қаласында теннис орталығының ашылу салтанаты болды. Оған облыс әкімі Архимед Мұхамбетов пен Қазақстан теннис федерациясының атқарушы директоры Диас Досқараев қатысты, деп хабарлайдыҚазАқпарат.
Теннис орталығы зәулім жаңа ғимаратқа орналасқан, заманауи жабдықтар орналастырылған. Спортшыларға барлық жағдайы жасалған. Жалпы облыста тұрғындардың спортпен, дене шынықтырумен айналысуына мүмкіндік мол. 2445 нысан жұмыс істейді.
Облыс әкімі АрхимедМұхамбетов: «Солардың қатарын тағы бір ірі спорттық нысан толықтырып отыр. Бұл 788 миллион теңгеге түсті, құрылысы 4 жыл салынды. Іште 3 корт, сыртта 3 корт орналасқан, 100 бала үнемі тенниспен айналычсатын болады. Облыста 28 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі бар, оларда 17 712 бала бар. Біздің алдағы мақсатымыз, осы көрсеткішті көбейтуіміз қажет», — деді.
Облыс әкімі Қостанай өңірі қысқы спорт түрлерінен, бокстан, жамбы атудан жақсы екенін, көрсеткіштеріміз олимпиадлық медальге дейін жеткенін айтты. Енді теннис алғашқы қадамдарын жасайды. Еліміздегі барлық облыстарда дерлік теннис орталықтары ашылған, Қостанай облысы 15-ші болып тұр. Архимед Бегежанұлы енді бұл орталыққа білікті жаттықтырушылар, керектігін, турнирлер өткізіп, жұртшылықтың осы спортқа тартылуына серпін беру керктігін де тілге тиек етті.





Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.