Қостанайдағы «Евраз Каспиан Сталь» арматура зауыты жыл соңына дейін өндірілетін өнім көлемін 300 мың тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл — өткен жылмен салыстырғанда үш есе жоғары көрсеткіш, деп хабарладыwww.24.kz.-кесілтеме жасапҚазАқпарат.
Қостанайда илемделген болат шыбықтар бүгінде елімізде ғана емес, экспортта да сұранысқа ие. Отандық құрылысқа — отандық өнім! «Евраз Каспиан Сталь» ашылғанда алдына осындай мақсат қойды. Зауытта тапсырысқа сай диаметрі 8-ден 40 мм аралығындағы құрылысқа қажетті арматуралар шығарылады. Кәсіпорын үшін ең маңыздысы — сапа. Сондықтан да болат шыбықтардың құрылысқа төзімділігі арнайы зертханада тексеріледі.
Кәсіпорында бүгінде 250 адам еңбек етеді. Зауыт тәулік бойы жұмыс істеуге көшкен. Қазір мұнда күніне 30 мың тонна өнім шығарылады. Өндірістегі биылға белгіленген меже еркін еңсерілген.
«2014 жылы 92 мың тонна арматура шығарсақ, биыл осы уақытқа дейінгі шыққан өнім 250 мың тоннаға жетіп отыр, оны жыл аяғына дейін 300 мың тоннаға жеткіземіз», — дейді «Евраз Каспиан Сталь» зауытының бас директоры Сергей Сотников,
Зауыт толық қуатына көшкенде, жылына 450 мың тонна арматура өңделетін болады. Қостанайлықтар бұл көлемді таяу жылдарда игереміз деп отыр. Арматура зауыты облыс экономикасының әртараптана бастағанының бір көрінісі екені анық.
Смена министра труда и соцзащиты: подписан указ Президента
Репетиторство в ущерб работе: что хотят для учителей изменить власти Казахстана
Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.
