USD 474.04 EUR 555.01 RUB 6.45

Қостанайдағы КЖБИ ауданында он шақты үй салқын сусыз қалды

— 22.11.2016 15:11
Заглушка 375 - нет фото

Қостанай қаласының КЖБИ шағын ауданында коммуналдық апаттың салдарынан он шақты үй салқын сусыз қалды. «Қостанай Су» коммуналдық кәсіпорнына қоңырау кешкі  сағат:19:45-те келіп түскен.
Қостанай қаласының КЖБИ шағын ауданында коммуналдық апаттың салдарынан он шақты үй салқын сусыз қалды. «Қостанай Су» коммуналдық кәсіпорнына қоңырау кешкі  сағат:19:45-те келіп түскен.
Гашек көшесі бойындағы құбыр жарылып, су төмендегі Тобыл өзеніне ағып кеткен. Жарты сағаттан соң салқын су тоқтатылды. Күннің аяздығынан құбыр суы қалың мұз болып қатып қалды.
Мамандар ақауды қалыпқа келтіру үшін таңертеңнен жұмыс істеуде.Апатты жоюға 4 арнайы техника жұмылдырылған. Жұмыстардың қай кезде аяқталып, тұрғын үйлерге салқын судың қашан берілетіні әзірге белгісіз.





Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.