USD 463.41 EUR 546.27 RUB 6.18

Қостанайда өз анасына қол жұмсаған әйелге қатысты сот үкімі шығарылмақ

— 12.01.2016 14:14
Заглушка 375 - нет фото

13 қаңтарда сағат 10.00-де Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК-нің 99 бабы  2 бөлігі 3,5 тармақтары бойынша (кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамды аса қатыгездiкпен өлтіру) айыпталған 37 жастағы Надежда Муфтулинаға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі жарияланады.
Тергеу материалдарына сәйкес, сотталушы 1944 жылы туған өз анасы Е.Муфтулинаны өлтірді деп айыпталып отыр. Жасы ұлғайған әйел қант диабеті ауруына шалдығып, төсек тартып жатқан.
2015 жылдың 9 маусымында Қостанай қаласында жалға алған пәтерде болған Надежда Муфтулина балконнан кір жаяр жіпті кесіп алып, бөлмеде қорғансыз науқастанып жатқан анасын буындыра бастаған. Онымен қоймай сотталушы аса қатыгездік танытып анасының басынан жұдырықпен бірнеше соққы жасаған.
Жәбірленушінің жансыз екеніне көз жеткізген сотталушы пәтерден кетіп қалады.
10 маусым күні таңғы сағат 05.00 кезінде Н.Муфтулина пәтерге қайта келіп, анасының денесін ақжаймаға орап далаға сүйреп шығарып, келесі  үйдің ауласына тастап, оқиға орынан жасырынған.Бұл туралыоблыстық сотхабарлайды.





Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.