USD 474.04 EUR 555.01 RUB 6.45

Қостанайда өз қызын өлтірген адамға сот үкімі шықты

— 19.10.2016 09:36
Заглушка 375 - нет фото

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі бойынша (адам өлтіру) айыпталған 48 жастағы Сергей Вотчильге қатысты сот үкімін шығарды.
Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі бойынша (адам өлтіру) айыпталған 48 жастағы Сергей Вотчильге қатысты сот үкімін шығарды.
Ағымдағы жылдың 27 шілдесінде Қарасу ауданының Комсомол ауылының тұрғыны С.Вотчиль өз үйінде ішімдік ішіп, сағат 14.00 шамасында ұйқыға жатады. Осы уақытта оның 26 жастағы қызы құрбыларымен үйге оралып, аулада ішімдік ішуге жайғасады. Құрбылардың шуынан ұйқысы бұзылған үй иесі оларға ескерту жасайды. Әкесінің ескертуін көтере алмаған Е. оған қарсы шығады. Әке мен қызы арасында жанжал туындап, басу айтқан өзге қыздардың сөзіне құлақ аспайды. Қызының тіл тигізгеніне шыдамаған Вотчиль ас үйден пышақ алып шығып, оның кеуде тұсынан бір рет соққы жасайды. Жәбірленуші оқиға орнында қаза тапқан.
Сот үкімімен С.Вотчиль қылмыстық әрекетте айыпты деп танылып, оған қатаң тәртіптегі колонияда 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды-деп хабарлайдыоблыстық сот.





Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.