Ресми тіркелген кәсіпкерлер заңсыз тасымалдаушылар клиенттерді тартып алып, бағаларды төмендетіп, салық төлемейді деп шағымдануда.
Ресми тіркелген кәсіпкерлер заңсыз тасымалдаушылар клиенттерді тартып алып, бағаларды төмендетіп, салық төлемейді деп шағымдануда.
Егер ел азаматы такси жүргізгісі келсе, алдымен жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміне ұсыным хат жіберуі тиіс. Ал көлік жолаушылар мен жүкті тасымалдау ережелеріне сәйкес болуы қажет. Қостанай облыстық жолаушылар көлігі қауымдастығының президенті Алексей Бойченконың айтуынша олар жолаушылар тамсымалы саласында адамдардың жұмыс істеуіне қарсы емес. Бірақ бәрі заңды болу керек. Ал заңсыз тасымалдаушылар еш заңға бағынбай ,өздері жеке жұмыс істейді. Медициналық тексерістен өтпейді.
Қалыптасқан жағдайға байланысты облыста заңсыз тасымалдаушылармен күресу жоспары әзірленіп, бекітілді. Ресми тасымалдаушылар полицейлермен бірге әріптестеріне арнаулы ақпараттық үнпарақтар дайындады. Күн сайын Қостанайда заңсыз тасымалдаушыларды анықтау үшін жол патрульді полиция көшеге шығып, құқық бүзушыларды анықтайды.
Заңсыз жолаушылар мен жүк тасымалымен айналысатын жүргізушілерге 463 бап бойынша әкімшілік материал толтырылады. Оларға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Ол жеке тұлғалар үшін 31мың 815 теңгені құрайды. Айта кетсек жыл басынан бері Қостанайдың мамандандырылған сотында 81 іс қаралып, 61 таксиші соттың шешімімен айыппұл төледі.
Налоговая начала делить на два вида мобильных переводов
Тысячи семей ждут жильё в Костанайской области
Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.
