USD 463.41 EUR 546.27 RUB 6.18

Қостанайда жолдар уақытша жабылады

— 23.05.2016 09:56
Заглушка 375 - нет фото

Облыс орталығындағы Баймағамбетов көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты 21-22 мамырда Гоголь көшесінен Таран көшесіне дейінгі аралықта автотранспорт қозғалысына шектеу салынады. Жоспар бойынша, аталмыш көшелерде жұмыстар Дощанов көшесінен Шевченко көшесіне дейін жүргізілетін болады.

Жөндеу ісімен «Көкшетауавтодор» ЖШС мердігерлік ұйымы айналысады. Сонымен қатар, Майлин көшесінің Дощанов және Гагарин көшелері аралығында (жалпы ұзындығы — 9 шақырым) қайта қалпына келтіру жұмыстары басталады.
Құрылыс-монтаждық жұмыстарға байланысты 21 мамырдан бастап Дощанов көшесінен әл-Фараби даңғылына дейінгі учаскеде көліктің барлық түріне жол қозғалысы жабылады.  Бұл көше бөліктеріндегі жұмыстар екі саты бойынша істелмек. Бірішісі — инженерлік желілерді жөндеу, екіншісі — жол төсемесін қалыпқа келтіру.
Жұмыстар толығымен 2017 жылы аяқталады деп көзделуде. Құрылыспен «АБЗ+» ЖШС мердігерлік ұйымы шұғылданады. Сондықтан, қала әкімдігі уақытша қолайсыздықтар үшін қала тұрғындарынан түсіністікпен қарауды өтінеді-деп хабарлайды«Қостанай таңы».

Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.