USD 511.26 EUR 597.61 RUB 6.32

Қостанайлық 60 отбасы жаңа пәтер кілттерін алды

— 01.09.2015 13:34
Заглушка 375 - нет фото

Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов «Арман» шағынауданындағы жаңа үйдегі 60 пәтердің кілтін табыстады.
Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов «Арман» шағынауданындағы жаңа үйдегі 60 пәтердің кілтін табыстады.
Қоныстанушылардың қатарына Қостанай қалалық әкімдігінің тізімдерінде тұрған бюджеттік ұйымдар, әлеуметтік сала, ішкі істер органдарының қызметкерлері, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар кірді.
Пәтерлер Қазақстан ипотекалық компаниясының бағдарламасы бойынша берілген. Олардың иелері 20 жылдың ішінде ҚИК-ке арендалық төлемді өтеп, үйлерін бірте-бірте сатып алады.
«Қостанай тез дамып, кеңейіп келеді. Әрине, пәтерлерді алушылар кезегі әлі үлкен, одан да көп үйлерді салу керек. Біз үшін жыл сайын тапсырылатын 19-20 мың шаршы метр  баспана аз болып отыр. Бұл мәселелерді соның ішінде Қазақстан ипотекалық компаниясының көмегімен шешетін боламыз. Биылғы жылы 31 пәтердің кілтін, бүгін тағы 60 кілтті табыстадық. Осылайша, ҚИК бойынша жоспар Қостанайда биылғы жылы толық орындалған», — деді қоныстанушыларды құттықтаған облыс әкімі Н.Сәдуақасов.Бұл туралыҚазАқпаратхабарлайды.





Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.