USD 463.41 EUR 546.27 RUB 6.18

Қостанайлық кәсіпкер әйел әсем сахна киімдерін тігеді

— 15.12.2015 12:26
Заглушка 375 - нет фото

Қостанай өңіріндегі жеке кәспікер Күлайым Рагатова киімді қалағаныңдай өлшемде, сапалы әрі көркем безендіріп тігіп береді, деп хабарлайды damu.kz.-ке сілтеме жасапҚазАқпарат.
Күлайым апайдың өз тігін цехы бар. Осы нарықта еңбек етіп жатқанына 10 жылдан асты. Кәсіпкердің өзі еске алғандай, ол өз бизнесін кеңестік бір ғана тігін машинасымен бастаған. Келе-келе тігінге машығып, тәжірибесі молайды. Әйткенмен нарық заңы өз ықпалына көндіріп әрі тігін машинасы да жиі бұзылатын.
«2012 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы жайлы біліп, ол бойынша несие алуға бел будым. Кепіл ретінде «Даму» қоры қолдау көрсетті. Бәсекелестерде жоқ жаңа тігін құрылғыларын сатып алып, Алматы, Бішкек қалаларынан тікелей маталар жеткізуді жолға қойдым. Жаңа жұмыс орнын аштым», — дейді кәсіпкердің өзі.
Осыдан кейін оған балабақшалар мен мектептерден ұлттық киімдер тігуге тапсырыстар түсе бастаған.
«Менің басты мақтанышым — ол атақты «Ақбота» би тобына арнап костюмдер тігетінім. Өйткені өз костюмдеріммен олардың жеңіске жетуіне өз үлесімді қосып, көмектесемін», — деп табысымен бөлісті К.Рагатова.
Күлайым Рагатова тек қазақтың ғана емес, тәжік, өзбек, кәрістердің ұлттық киімдерін, түрлі той-думан, мерекелік шаралардың жүргізушілеріне арнап та киімдер тігеді.
«Мен қиналған тұста демеу көрсетіп, кепілдік бергені үшін «Даму» қорына алғыс айтамын. Екі айдан соң мен несиені толық жабамын да несиелендіруге қайта құжаттарды беремін»,- дейді Күлайым Рагатова.





Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.