USD 461.26 EUR 542.58 RUB 6.18

Қостанайлық оқушылар Грузияда өткен халықаралық олимпиадада топ жарды

— 29.04.2016 09:44
Заглушка 375 - нет фото

Жас математиктер ұсынған ғылыми жобасын белгілі ғалымдардан құралған қазылар тарапынан жоғары бағаланыпты. 23 мемлекеттен келген 300-ден астам үміткер арасынан озып шығу да — қомақты табыс.
Жас математиктер ұсынған ғылыми жобасын белгілі ғалымдардан құралған қазылар тарапынан жоғары бағаланыпты. 23 мемлекеттен келген 300-ден астам үміткер арасынан озып шығу да — қомақты табыс.
Қостанай қаласындағы қазақ-түрік лицейінің 11-ші сынып оқушылары Мұхамбет Байсарин, Саян Тарғынов, Темірлан Махмұтов үштігі ұсынған ғылыми жұмыс үздіктер қатарынан табылды, деп жазады «Хабар» арнасына сілтеме жасапҚазАқпарат.
Жеңімпаздарға алтын медаль мен арнайы грамоталар табыс етілді. Жас математиктердің есептеп шығарған криптографиялық жаңа бағдарламасы ақпараттық қорғанысты күшейтеді.
«Мемлекеттік немесе коммерциялық құпиялықты қамтамасыз етуде де оның маңызы зор», — дейді жоба авторлары
«Қазіргі кезде ақпараттық қызмет, ақпараттық қауіпсіздік өте маңызды. Біз осы жобамен екі жыл жұмыс істеп жатырмыз. Келешекте университетке түскенде, осы ақпараттық қауіпсіздік факультетіне түсеміз деп ойлаймын. Сонда профессорлармен сөйлесіп, жетілдіруге тырысамыз», — дейді  халықаралық олимпиада жеңімпазы Мұхамбет Байсарин.





Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.