
Менің атым Нұрәлі. Мен 7 жастамын, Хакімжанов атындағы 20-шы орта мектепте 2-сыныпта оқимын. Ұстазымның есімі Альменова Эльмира Серікқызы. Бала үшін бірінші ұстаз – екінші ана, мектеп – екінші үй. Эльмира Серікқызы маған мектеп білімін беріп қана қоймай, түрлі бағытта қалыптасуыма ықпал етеді.
Эльмира Серікқызының арқасында спортқа деген қызығушылығым артып, спорт секциясына қатыса бастадым. Сонымен қатар, қосымша білім алу үшін студияға бара бастадым, қосымша оқуға қатты қызығамын. Мен үшін Эльмира Серікқызы ұстаз ғана емес, сенуге болатын, әрқашан қолдау көрсете алатын досым.
Ұстазымызды бүкіл сынып қана емес, ата-анамыз да жақсы көреді. Біз сынып ретінде мектеп қабырғасының сыртында жиі кездесеміз, саябақта бірге серуендейміз, табиғатқа шығамыз. Мен күнде қуанышпен мектепке жүгіремін және осы үшін Эльмира Серікқызына менің табысты бала болып өсуіме көмектескені үшін алғыс айтамын.
"Письмо учителя" - Воробьёва Елена Геннадьевна
"Письмо учителю" - Мельникова Светлана Викторовна
Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.