
pixabay.com
Ұстаз бейнесі — шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғарғы үлгісі. Ұстаз өзінің бар күшін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне сарп етуге бел буған. Сол ұстаздардың бірі қазір меніңжүрегімде нық орын алған. Ол – Қобда гимназиясында еңбек еткен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, Сүйналина Ляззат Жайлаубайқызы. Әр сабақты сыңғырлаған үнімен оқи отырып, бірде — бір жолын назардан тыс қалдырмай, талдау жасап, тереңнен қармап, асыл ойды санамызға берік, нық етіп құюынабар күшін жұмылдырған, ал алтыннан да бағалы ойлары, ақылкеңесі менің санамда.
Ағылшын тілі екінші кластан бастап жүрді. Ляззат Жайлаубайқызы үшінші кластан сабақ беріп, осы пәнге қызығушылығым арта бастады. Сол кездері, аз жалақыға қарамастан, ұстазым маған тегін қосымша сабақ өткізіп жүрді. Мектеп бағдарламасынан тереңірек оқыта отырып, жетінші кластан бастап аудандық, облыстық олимпиадаға қатыстырды.Жыл бойы, тіпті жазғы демалыс кезінде де, ұстазым бос уақытын маған ағылшын тілін ақысыз, тегін үйретумен өткізді. Ұстазым бюрократиялық кедергілерді жеңе отырып, жетінші класта мені оныншы класс бағдарламасы бойынша аудандық олимпиадаға алғаш рет қатыстырды. Оныншы класта, облыстық олимпиада жүлдегері атанып, республикалық олимпиадаға жолдама алдым. Аудан тарихында бұндай прецедент болған емес және содан бері республикалық олимпиадаға ешкім барған емес.
Ұстазым мені ағылшын тілі бойынша олимпиадаға дайындау үшін оқу бағдарламасынан тыс оқу құралдарын өз қаражаты есебінен алып жүрді. Бұл оқу құралдары аса құнды еді, оның ішінде кітап, журнал, газет, аудио және бейнетаспалар, көркем әдеби шығармалар болды. Ұстазым маған өзге тілді меңгеру үшін әуелі ана тілін – қазақ тілін және орыс тілін жетік меңгеруге баулыды. Кітапханаға апарып, классикалық көркем әдебиет кітаптарын жасыма сай етіп таңдап беріп, кітап көп оқуға баулыды. Сонымен қатар, ұстазым мектеп бағдарламасынан тыс, қоғамдық жобалар, іс-шаралар, ағылшын тілінен сайыстар мен көріністер ұйымдастырып отырды. Осылай, оқушылардың ағылшын тіліне қызығушылықтары ерекше арта түсті. Ұстаз менен басқа көптеген оқушыларға мотивация беріп, оларға да еш ақысыз, тегін ағылшын тілінен курстар өткізіп жүрді.
Ляззат Жайлаубайқызы мен үшін ағылшын тілін үйретумен қатар, менің көңіл-күйіме, жағдайыма ерекше көңіл бөліп, өмірлік кеңестерді бере білген, ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам. Сол себепті, адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, мұғалімнің де рөлі зор. Халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы “Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген. Қазіргі таңда, ұстаздың шәкірттері әлемнің түкпір-түкпірінде жоғарғы білім алып, еңбек етуде.
Ұстаздың кезінде маған айтқан аса мәнді сөздері жадымда әлі де сақтаулы: «Жарқын болашаққа қол жеткізу әр адамның өз қолында, ол үшін зор талап пен еңбек қажет». Мен осы сөздермен қуаттанып, 2007 жылы Болашақ халықаралық бағдарламасының конкурсына қатысуға бел будым. Бұл конкурстың бірінші кезеңі — ағылшын тілінен сынақтан сүрінбей өттім. Келесі кезеңнен де сүрінбей өтіп, Болашақ стипендиясының иегері атандым. Шетелде төрт жыл бойы оқыған кезімде ұстазымның берген әр білімі маған көп көмегін тигізді. Ағылшын тілін жетік білу шетелдік жоғары оқу орнында білім алуға маған жол ашты. Осылайша мен өзім ұнатқан мамандықты шетелдегі жоғары дәрежелі профессорлардан дәріс ала отырып меңгердім. Сонымен қатар, төрт жылдық оқуымды аяқтаған соң, отаныма оралып, еңбек етіп, білім алуды жалғастырдым. Назарбаев Университетінде магистратура және докторантурада оқып, докторлық диссертациямды үздік қорғап шықтым.
Енді алған білімімді елімнің өркендеуіне үлес қосу үшін тәжірибе жүзінде іске асырғым келеді. Себебі өсіп келе жатқан ұрпақ – адамзаттың болашағы, жалғасы. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.“Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамызға мәлім. Еңбек жолын бізден бастап, мені білім шыңына жеткізген ұстазыма алғысым шексіз екенін мойындаймын.
Рахмет сізге, Ляззат Жайлаубайқызы!
Ізгі ниетпен, Мазбулова Жанар
Обслуживание домов в Казахстане будет дорожать
Выносили на руках. Трагедией едва не закончилось приготовление обеда в Костанае
Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.