Ya Metrika Fast
USD 540.84 EUR 634.46 RUB 6.43

«Письмо учителю» — Сағымбаева Кенжегүл Танатханқызын

— Сегодня, 10:40
Изображение для новости: «Письмо учителю» — Сағымбаева Кенжегүл Танатханқызын

Мұғалімдер күні қарсаңында Қостанай қаласындағы №32 мектептің 1 «Б» сынып ата-аналары атынан сүйікті ұстазымыз – Сағымбаева Кенжегүл Танатханқызын шын жүректен құттықтап, алғысымызды білдіреміз.

Кенжегүл Танатханқызы алғашқы күннен бастап ашық мінезімен, ілтипатты жүрегімен, шәкірттеріне жанашыр бола білді. Ол әр баланың бойынан қабілет тауып, білімге деген қызығушылығын оята алды. Балаларымызға тек әріп пен есепті ғана емес, өмірге қажетті сенім мен мейірімді де үйретіп келеді.

Біздің мектебіміз – жаңа, заманауи әрі комфортты білім ордасы. Біз балаларымыздың осында білімін кеңейтіп, ана тілін нығайтып қана қоймай, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілікті бойына сіңіретініне қуаныштымыз.

Сізге зор денсаулық, мол бақыт, шығармашылық табыс тілейміз!
Осындай мүмкіндік үшін телеканал «Алау» ұжымына да алғысымызды білдіреміз.

Құрметпен,
Қостанай қаласы, №32 мектеп
1 «Б» сынып ата-аналары атынан





Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.