Ресейден Қазақстанға келетін туристер саны жыл сайын артуда.
Ресейден Қазақстанға келетін туристер саны жыл сайын артуда.
Бұл туралы бүгін Қазақстан мен Ресейдің XIII өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында өткен «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы туризмді дамытудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы панельдік сессияда ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев мәлім етті-деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2015 жылы еліміз ресейлік азаматтар үшін сыртқа шығатын туризм бойынша танымалдылығы жағынан 4-ші орынға шықты. Қазақстанда 3 млн. ресейлік болып қайтты. Қонақтар ең көп тынығатын жер ретінде Бурабай шипажай аймағын, Павлодар облысындағы Баянауыл ұлттық саябағын, Балқаш пен Алакөл көлдерін, Шымбұлақ тау-шаңғы шипажайын атап өтуге болады», — деді вице-министр.
Шараға қатысқан РФ Мәдениет министрлігі Туризм жөніндегі федералдық агенттігінің басшысы Олег Сафонов өз сөзінде туризм саласындағы қазақстандық-ресейлік байланыстарды кеңейту шараларының қарқынды жүргізіліп жатқандығын баса айтты.
20 вокзалов на финише: в Казахстане завершают масштабную модернизацию
Повышение тарифов КТЖ: к чему готовиться рынку
Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.
