Рудныйда қаскөйлер күзетшіні және оның вагондағы досын ұрып-соғып, үстілеріне жанармай төгіп, өртеп жіберген, деп хабарлайдыBaq.kz.
Рудныйда қаскөйлер күзетшіні және оның вагондағы досын ұрып-соғып, үстілеріне жанармай төгіп, өртеп жіберген, деп хабарлайдыBaq.kz.
Бес жас жігіт Рудныйдағы дәмханалардың бірінде арақ ішіп алған. Олардың бірі «ССКӨБ» АҚ карьерінде қара және түсті металл жинаушы болып жұмыс істеген. Ол қасындағыларға металл ұрлау туралы ұсыныс жасайды. Бөтелкелестері келісе кетіп, такси шақырып, дәріханаға қарай бет алған. Одан медициналық маска мен скотч сатып алып, бау-бақшалық шаруашылыққа барады. Бұл уақытта арнайы вагонда күзетші мен оның досы болған. Қаскүнемдер ішке кіріп, қойма кілтін талап етіп, оларды соққыға алған. Алайда, күзетшіде кілт болмаған. Ашуға булыққан қаскөйлер екі ер адамды далаға алып шығып, аяқ-қолдарын скотчпен матап, үстілеріне жанармай құйып, өртеп жіберген.
Кейін өртті сөндіріп, жалпы құны 96 мың болатын 80 келі металл сынықтарын ұрлап әкеткен. Ал жәбірленушілерді бригада жұмысшылары тауып алып, Рудный қалалық ауруханасына жеткізеді. Алайда олар комаға түсіп, есін жимастан жан тапсырды.
Тәртіп сақшылары жедел іске кірісіп, күдіктілерді қолға түсірді.
20 вокзалов на финише: в Казахстане завершают масштабную модернизацию
Повышение тарифов КТЖ: к чему готовиться рынку
Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.
