29 шілде күні Сарыкөл аудандық Мәдениет үйінде полиция қызметкерлері арасында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік Ел» атты өңіраралық патриоттық әндер байқауы өтті.
29 шілде күні Сарыкөл аудандық Мәдениет үйінде полиция қызметкерлері арасында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік Ел» атты өңіраралық патриоттық әндер байқауы өтті.
Ұзынкөл, Алтынсарин, Қарасу және Сарыкөл аудандарының ішкі істер бөлімі көркемөнерпаздары қатысқан шараның ашылу сәтінде аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Қанат Рахметжанов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, тілектер легін Қостанай облыстық ІІД ардагерлер кеңесінің төрағасы, ІІД жанындағы консультациялық кеңесшісі, отставкідегі полиция полковнигі Аманкелді Өмірбаев жалғастырды.
Бұдан соң байқау да басталды. Форманы бірер сағатқа сахна киіміне алмастырған құқық қорғау органы қызметкерлері сарыкөлдіктерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Яғни, патриоттық әндер шырқап, қазақтың қара домбырасымен күй күмбірлетті. Олар танымал өнер иелері болмаса да, бойға жиған таланттарын танытып, тыңғылықты дайындықпен келгендіктерін паш етті.
Байқау қорытындысында қазылар алқасының мүшесі болған облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Бақытжан Ералин жеңімпаздарға жүрекжарды лебізін жеткізіп, жеңімпаз атанған Алтынсарин ІІБ жеке құрамы басшысына арнайы диплом мен естелік белгісін табыс етті.Бұл туралы«Қостанай таңы»хабарлайды.
20 вокзалов на финише: в Казахстане завершают масштабную модернизацию
Повышение тарифов КТЖ: к чему готовиться рынку
Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.
