«Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ «Ағаш отырғыз» акциясын өткізу үшін 3 млн теңге бөлді.
«Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ «Ағаш отырғыз» акциясын өткізу үшін 3 млн теңге бөлді.
Оңтүстік-Сарыбай кенішінің санитарлық-қорғау аймағына пирамидалық терек, қарағаш, алма ағашы, татар үйеңкісінің мыңға жуық көшеті, сондай-ақ, қараған мен итмұрын бұталары отырғызылды. Қалған ағаштар Железорудная стансасының тұрғын үйлер орналасқан жеріне егілді. .Экология және жер қойнауын пайдалану департаменті басшысы Ерболат Көпбаевтың сөзіне қарағанда, 2005 жылдан бірлестікте қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесі енгізілді. «Парыз» республикалық байқауында «Экологияға қосқан үлесі үшін» аталымында жеңіске жеткеніміз осыған дәлел болды», — деп атап өтті Е. Көпбаев.
Кәсіпорын жұмысшылары 10 мыңнан астам ағаш көшетін отырғызды.
Биыл бірлестік қызметкерлеріне ағаш отырғызуға «Жастар» қоғамдық бірлестігінің өкілдері көмектесті.
Жастар орталығының басшысы Максим Фролов Рудный ең аз ластанған қалалардың қатарында екенін айтты.
Ағаш отырғызу шарасы мамыр айының ортасына дейін жалғаспақ. Бұл туралыҚазАқпаратхабарлайды.
Костанайская область готовит масштабное обновление Генпланов городов
Кумар Аксакалов потребовал сократить визуальный шум в городах
Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.
