Биыл жоғары оқу орындарына түскісі келетін талапкерлерге елімізде 53 мыңнан астам грант бөлінді. Мамандар техникалық мамандықтарға биыл грант саны көп екенін айтады. Себебі талдау көрсеткендей елімізде техникалық саланың мамандары тапшы. Бүгінгі бағдарламада осы мамандықтарға жастардың қызығушылығын ояту мәселесі сөз болады. Студия қонағы ЧелМУ профессоры, химия ғылымдарының кандидаты Зайра Әбілева.