Бүгінгі күні «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» бойынша өтемақы төлеуге жататын 110 мыңға жуық салымшымен қосымша келісімшартқа қол қойды. Бұл өтемақы төлеуге жататын депозиттердің 20 пайызын ғана құрайды.
Бүгінгі күні «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» бойынша өтемақы төлеуге жататын 110 мыңға жуық салымшымен қосымша келісімшартқа қол қойды. Бұл өтемақы төлеуге жататын депозиттердің 20 пайызын ғана құрайды.
Мұндай қарқынмен 200 мыңға тарта салымшы банкпен арадағы қосымша келісімшарттар жасау мерзіміне үлгермеуі мүмкін, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасапҚазАқпарат.
Еске сала кетейік, банкпен салымшылар арасында өтемақы бойынша қосымша келісімшарттар жасасу 2016 жылдың 8 ақпанынан басталған болатын. Осы үдеріске берілген 114 күнтізбелік күнді есепке алғанда күн сайын орта есеппен 4096 қосымша келісімшарттар жасалуы керек болатын. Алайда, бүгінгі күні қабылданып жатқан өтінімдердің орташа саны екі жарым мыңнан аспайды.
«Тұрғын үй құрылысжинақ банкімен» қосымша келісімшарттар жасау мерзімі 2016 жылдың 1 маусымында аяқталатынын ескерсек, онда жоспарланған келісімшарттардың тек жартысына ғана қол қойылуы мүмкін», — делінген баспасөз баянында.
Егер депозиттер сомасына шаға қарастырсақ, 1 млн. теңгеге жетпейтін 352 860 және 1 млн. теңгеден жоғары 26 515 салым бойынша келісімшарттар жасалмай отыр. Осылайша, бүгінгі таңда өтемақы мақсатында бөлінген 21 млрд теңгеден астам сомаға сұраным болмауы мүмкін.
Новые лимиты и требования установили банкам
В Костанайской области рассказали, кто может претендовать на жильё от государства
Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.
