USD 511.26 EUR 597.61 RUB 6.32

Тәртіптік кеңесте Қостанай облыстық білім басқармасының басшысы Әлия Тұртқараеваның ісі қаралды

— 05.10.2015 13:41
Заглушка 375 - нет фото

Бұл оқиға жазда басталды. Тәртіптік істің материалына сай «Жемқорлыққа қарсы медиа орталығы»  республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының директоры бірінші шілдеде білім басқармасына 2015 жылғы жемқорлыққа қарсы жоспардың орындалуы жөнінде теледидарлық сұхбат беруін сұрап хат жіберген.

Сол күні-ақ бұл хабарламаны ведомоство тіркеді. Алайда Әлия Тұртқараевадан медиа орталыққа сұхбат алудың орайы келмеді. Тәртіптік кеңестің бөлім кеңесшісі Айдос Қасеновтің сөзінше басшыға жіберілген хабарламаны орынбасары Байжановаға, ақпараттық-сараптамалық бөлімнің басшысы Ибраеваға қарау жүктелді. Өз кезегінде медиа орталыққа жауап тек 6 шілдеде ұсынылған, яғни 36 күнтізбелік күннен соң ғана.
Білім басқармасының басшысы сұхбат беру туралы хабарламаны алғаннан кейін бірнеше күннен соң 7-нен 24 шілдеге дейін еңбек демалысына кеткен. Дегенмен демалыстан шыққаннан кейін де ол мемлекеттік органның басшысы ретінде аталған сауалға жауап беруді қадағаламаған.
Айта кетсек істі талқылау барысында тәртіптік кеңес залында нағыз пікірталас туды.Ақыр аяғында тәртіптік кеңес мүшелері облыс әкіміне облыстық білім басқармасының басшысына ескерту жариялауын ұсынды.

Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.