Қостанай қалалық прокуратурасы ел тәуелсіздігінің 25 жылдығымен барша қостанайлықтарды құттықтады. Құттықтау мәтінін назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Биыл Тәуелсіздік алғанымызға ширек ғасыр толды. Тарихи өлшеммен қарағанда қысқа ғана мерзім ішінде еліміз елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Қазақстанды бүгінде әлем халықтары тоғысқан, ұлттар ұйысқан үлкен шаңырақ деп біледі. Ал Елбасымыз – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев әлемнің беделді саясаткерлерінің біріне айналды.
«Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Бұл күнге сан ғасыр бойы армандап жеттік. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізіп, елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қостық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өткізіп келеміз. Барша қазақстандықтар үшін Тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша. Өйткені біз Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгендеп, тілімізді, дінімізді және ділімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық», -деді Елбасы халыққа дәстүрлі Жолдауларының бірінде.
Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың көп ғасырғы арманы, оны сақтап қалу үшін және елімізді одан әрі гүлдендіре түсу үшін әрбір азамат өз үлесін қосу керек.
Қазақстан Республикасы өз егемендігіне қол жеткізген уақыттан бері республика прокуратурасы елдің ішінде заңдылықтың сақталуын шын мәнінде жүзеге асыратын қадағалаушы және құқық қорғаушы біртұтас мемлекеттік орган болып құрылып, Ата Заңымыз Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылып бекітілді. Республикамызда өмір сүріп жатқан адам мен азаматтың, ана мен баланың, мүмкіндігі шектеулі адамдардың, қарттардың, әлеуметтік жағдайы төмен деңгейдегі отбасыларының, кәсіпкерлердің құқықтары мен бостандықтарының сақталуы қатал қадағаланып келеді.
Тәуелсіздігіміздің 25-жылдық мерейтойымен баршаңызды құттықтаймыз! Тәуелсіздік тұғыры биік болсын, еліміздің келешегі көркейе берсін!
До +30 градусов ожидается в Костанайской области
Суд в Костанае взыскал компенсацию за гибель коровы от удара током
Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.
