USD 470.17 EUR 547.47 RUB 6.42

Әулиекөлде Ахмет Байтұрсыновқа ескерткіш ашылды

— 06.09.2016 13:06
Заглушка 375 - нет фото

Әулиекөл төрінен алаш ардақтысы, қара қазақтың қамын жеген ұлт көсемі Ахмет Байтұрсыновқа арналған ескерткіш ашылды.
Әулиекөл төрінен алаш ардақтысы, қара қазақтың қамын жеген ұлт көсемі Ахмет Байтұрсыновқа арналған ескерткіш ашылды.
Ескерткіштің салтанатты ашылуына облыс әкімі А.Мұхамбетов, мемлекет және қоғам қайраткері Кенжеғали Сағадиев, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев және басқа да елімізге белгілі ғалымдар мен жергілікті зиялы қауым өкілдері қатысты.
Ең алғашқы болып сөз алған облыс әкімі ел тәуелсіздігінің мерейтойы қарсаңында әрі ұлт көсемінің туған күнінде осындай еңселі ескерткіш мүсіннің бойы көтергендігіне өз ризашылығын білдірді.
Ал, ескерткіштің ашылу салтанатынан кейін аудандық мәдениет үйінде “Ахмет Байтұрсынов және Мәңгілік ел мұраты” атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Артынан ас берілді.





Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.