2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, қазақстандық боксшы Василий Левит өзін жұлдыз ретінде сезінбейтінін айтты.
2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, қазақстандық боксшы Василий Левит өзін жұлдыз ретінде сезінбейтінін айтты.
Ол өзіне деген қауымның назары уақытша құбылыс екеніне сенімді және өзін Ольга Шишигина, Серік Сапиев, Александр Винокуров сияқты чемпиондардың қатарына қоймайды. «Қарбалас бәсеңдейді. Маған әлі тынымсыз еңбектену керек», — деді спортшы қайырымдылық ас кезінде журналистердің сұрақтарына жауап бергенде.
Алайда кездесуде болған тележүргізуші Динара Сәтжан оны елдің өзге чемпиондарымен бірге Қазақстанда әрдайым құрметтейтінін айтты.
Сондай-ақ ол сыйақыны әлі алмағанын айтты.
«Әлі төлемеді, құжаттар түрлі инстанциялардан өтіп жатыр.Ақшаны қалай жұмсайтынымды сұрап жатыр. Пәтерімді жөндеуге, қаланы абаттандыруға және қаңғыбас иттердің панасына (үйіне) жұмсауым мүмкін. Шынымды айтсам, әлі білмеймін, ойланбадым», — деді Василий Левит.Бұл туралыҚазАқпаратхабарлайды.
До +30 градусов ожидается в Костанайской области
Суд в Костанае взыскал компенсацию за гибель коровы от удара током
Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.
