USD 474.04 EUR 555.01 RUB 6.45

Василий Левиттің жеңілгені Олимпиададағы үлкен дауға айналды

— 16.08.2016 13:07
Заглушка 375 - нет фото

Рио олимпиадасында бокстан 91 килограмм салмақ дәрежесі бойынша бәсеке финалында төрешілер шешімімен ресейлік Евгений Тищенко — алтын, қазақстандық Василий Левит күміс жүлде алды. Алайда бокс сарапшылары мен жанкүйерлер төрешілер шешіміне наразыдеп хабарлайдыАзаттық.
Рио олимпиадасында бокстан 91 килограмм салмақ дәрежесі бойынша бәсеке финалында төрешілер шешімімен ресейлік Евгений Тищенко — алтын, қазақстандық Василий Левит күміс жүлде алды. Алайда бокс сарапшылары мен жанкүйерлер төрешілер шешіміне наразы
Левит рингте өте белсенді болды. Үш раунд бойы шабуылдап, қарсыласына біраз соққы дарытты. Ал ресейлік боксшы кездесу бойы қорғана жүріп, қарсыласу тактикасын өзгертпеді. Үшінші раундта Левиттен ауыр соққы алған Тищенконың қабағы жарылып, дәрігер көмегіне жүгінді.
Колумбия және Алжирден келген төрешілер жеңісті Тищенкоға берді. Бокс өтіп жатқан Rioсentro кешеніне жиналған барлық жанкүйерлер төрешілердің шешіміне наразы болып, ұзақ уақыт гуілдеп, ал рефери Ресейлік боксшының қолын көтерген сәтте бүкіл залдағы көрермен «Қазақстан» деп айғайлап тұрып алды. Василий Левиттің өзі таңданысын жасыра алмай, басын шайқады.
Марапаттау рәсімінде де Василий Левит тұғырға көтерілген сәтте жанкүйерлер оған ұзақ қол соғып, қошемет көрсетті. Боксшының өзі тұғырда көз жасын сүртіп тұрды. Ал ресейлік Тищенко алтын алғанда залдағы көрермендердің барлығы дерлік қарсы екенін білдіріп жатты. Бірақ Левиттің өзі қолын көтеріп, олардан тыныштық сақтауды сұрады.





Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.