Бүгін Астанада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» оқу құралын талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті. Жиынға қатысқан ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқу жұмысы жөніндегі вице ректоры Әлия Мұхамеджанова жаңа жылдан бастап елдегі барлық ЖОО-да «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәні оқытылатынын айтты.Бұл туралыbaq.kzхабарлайды.
Бүгін Астанада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» оқу құралын талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті. Жиынға қатысқан ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқу жұмысы жөніндегі вице ректоры Әлия Мұхамеджанова жаңа жылдан бастап елдегі барлық ЖОО-да «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәні оқытылатынын айтты.
Бұл туралыbaq.kzхабарлайды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» оқу құралын жазып шықтық. Ол жаңа жылдан бастап, яғни,осы оқу жылының екінші семестрінен бастап еліміздегі барлық жоғары оқу орындарында оқтылатын болады. Қазір оқу құралы дайын. Республикада 125 оқу орны болса, біз кем дегенде 125 данамен жарыққа шығарамыз оны. Алғашқы бөлімі еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың тарихынан бастау алады. Бірінші бөлім соған арналған. Бұл пәнді енгізудегі басты мақсатымыз — жастардың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Біздің ойымызша, жемқорлыққа ешқандай заң тоқтау салып, түпкілікті жойып жібере алмайды. Сондықтан жастарды университет қабырғасынан бастап тәрбиелеуіміз қажет, — деді Ә.Мұхамеджанова.
Оның айтуынша, бұл пәнді тек заңгерлер ғана емес, барлық мамандықтың студенттері оқитын болады. Ал, қай курстан бастап оқытылатынын университет басшылығы шешеді деді ол.
Какие выплаты получат казахстанские пенсионеры в 2026 году на самом деле?
Кофе и такси незаметно опустошают кошелёк — мнение эксперта
Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.
