Кеше ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Арман Евниев қазақстандық журналистермен бейресми кездесу өткізді. Ол жерде тілшілер көкейлерінде жүрген сауалдарға жауап алды. Кездесу барысында әлеуметтік нан бағасы да сөз болды. Министрліктің жауапты хатшысының айтуынша жаңа жылдан бастап әлеуметтік нан бағасы еркін айналымға жіберіледі.

Біз кәсіпкерлерге қолдау көрсетуіміз қажет. Мысалы Еуропаны алып қарайық. Олар нанның түр-түрін өндіреді. Ал біз бидай өндіру бойынша әлемде жетінші орындамыз. Соған қарамастан кәрі құрлықтағыдай ондай түр-түрін өндіріп жатқанымыз шамалы, – дейді Арман Евниев.
Оның айтуынша 2016 жылдан бастап ас атасын нарықтың өзі реттейді. Сондықтан еркін айналымға жіберіледі екен.
– Нанның құрамындағы бидайдың өзіндік құны 30 пайыздан көп емес. Қалғаны ГСМ, электрэнергия, транспорттық шығындар, т.б. Біз бұл мәселені үнемі шаруалардың есебінен немесе бюджеттік субсидия арқылы шешіп отырдық. Енді алдағы жылдан бастап нанның бағасын нарық өзі реттейді. Әрине, әр қалдағы баға әр түрлі. Меніңше, бәсекелестік көп болса, тіпті баға төмендеуі де мүмкін. Егер кәсіпкерлерге кедергі келтірмесек, нарықта кім ұтады? Ол кезде кімдікі сапалы әрі арзан сол ұтады. Сондықтан бұл салада бізді құтқаратын бәсекелестік болмақ. – дейді АШМ өкілі.Бұл туралыbaq.kzхабарлайды.
Какие выплаты получат казахстанские пенсионеры в 2026 году на самом деле?
Кофе и такси незаметно опустошают кошелёк — мнение эксперта
Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.