USD 467.63 EUR 547.69 RUB 6.36

Жалғызбасты зейнеткердің өліміне күдікті лисаковтық азамат тұтқындалды

— 20.10.2016 11:47
Заглушка 375 - нет фото

Лисаков қалалық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 8-тармағы (адам өлтіру) бойынша күдікті 34 жастағы тұрғынды 2 ай мерзімге қамауға алуға санкция берді.
Лисаков қалалық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 8-тармағы (адам өлтіру) бойынша күдікті 34 жастағы тұрғынды 2 ай мерзімге қамауға алуға санкция берді.
Қылмыстық тергеу органы оны биылғы жылдың 26 қыркүйегінде Лисаков қаласында сағат 17.00 шамасында жалғыз тұратын зейнеткерді өлтірді теп айыптап отыр. Ол 3- шағын ауданда тұратын 77 жастағы кейуанаға келіп, бұған дейін істелген сантехникалық жұмыстар сапасын тексеремін деген желеумен пәтерге енген. Сөйлесу барысында үй иесіне байқатпай ілулі тұрған сыртқы есіктің кілтін ұрлап кетеді.
28 қыркүйекте таңертең балғамен қаруланған ол  кілтпен есікті ашып пәтерге кіріп, асүйден ақша іздей бастайды. Бұл уақытта келесі бөлмеден зейнеткер шығып, оған кедергі келтірмек болады. Ал ұры бар күшімен үй иесінің басынан балғамен бірнеше рет соққы жасайды.
Осыдан кейін төргі бөлмедегі шкафтан 522 000 теңгені иемденеді. Жапа шегушінің айқайын естіген  қылмыскер асүйден пышақ алып оның басы мен мойнынан жарақат салады. Зейтенкер оқиға орнында қаза тапқан-деп хабарлайдыоблыстық сот.





Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.