
Таяуда мемлекет басшысы еліміздегі университеттердің санын қысқарту керек деген пікір білдірді. Себебі саны бар сапасы жоқ жоғарғы оқу орындарының көптігінен еш пайда болмай тұр. Бүгінде елімізде 131 жоғарғы оқу орны жұмыс істейді.Бұрын қазақ баласын жоғарғы оқу орнына түсіру арман болса, бүгінде кез-келген бала біліміне қарамай жоғарғы оқу орнында оқып жүр. Бүгінгі бағдарламада осы және білімге қатысты тағы басқа сұрақтар көтеріледі. Студия қонағы М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік экономикалық университетінің профессоры, математика-физика ғылымдарының кандидаты Жеңіс-нұры Қожакеев.